Таиландта суға батып кете жаздаған қазақстандық Артур Ысқақов қаза болды. Оның қазасы туралы әлеуметтік желіде әпкесі хабарлады.
Сыртқы істер министрлігі ақпаратты растады.
Еске салайық, 24 жастағы қазақстандық Таиландқа қалыңдығымен бірге демалуға барған.
Олар шомылып жүргенде толқын көтеріліп, қалыңдығы суға кете бастаған. Жігіт оны құтқаруға ұмтылды. Бірақ қалыңдығын құтқарғанымен, өзі толқын астында қалып қойды. Артурдың денесін судан шығарғаннан кейін құтқарушылар оған жасанды тыныс жасап, дәрігерлерге тапсырған еді.