Ақша айырбастау орындарында доллар 445-450 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 445-450 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445–449 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 446,5–450 теңге аралығында құбылып тұр.

2 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,51 теңгеге төмендеп, 448,16 теңге болған.

Ұлттық банктің 5 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447,90 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,54 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,39–5,63 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,4-5,55 теңгеден сатылып жатыр.