«Алтын орда» базары директорының орынбасары ұсталды

«Алтын Орда» базары директорының орынбасары ұсталғаны туралы хабар тарады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Полиция таратқан хабарға сәйкес, 2 маусымда Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне BMW көлігіндегі қарулы адамдар туралы ақпарат түскен. Ұсталғандар арасында «Алтын Орда» әмбебап базары директорының орынбасары да бар.

Тінту барысында автомобиль жолаушысынан ерекше иісі бар ақ ұнтақ зат тәркіленді, сонымен қатар басқа жолаушыдан МК-471С травматикалық тапаншасы тәркіленді. Қазір сот-химиялық сараптама тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Аталған деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді.