Басты бетҚоғамМейірбикелер күніне...

Мейірбикелер күніне орай салантты жиын өтті

Бүгін 12 мамыр Халықаралық мейірбикелер күніне орай Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті.

Жиында ақ желеңді абзал жандар ҚР Денсаулық сақтау министрінің төс белгісімен, Денсаулық сақтау басқармасының, «Amanat» партиясының және облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың «Құрмет» грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды.

– Бүгінгі Халықаралық мейірбикелер күні құтты болсын. Дәрігерлердің дәрежесі әрдайым биікте болып, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектеспін. Науқастардың жағдайын бақылап, емдеу шараларын жүргізетін мамандардың еңбегі орасан зор екенін ерекше атап өткім келеді. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызда мәртебе тілеймін! Мерекелеріңізбен тағы да шын жүректен құттықтаймын, – деді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.

Шарада ақ желеңді абзал жандарға ізгі тілектер айтылып құрмет көрсетілді. Үздік қызметкерлерге шипажайға жолдама, бағалы сыйлықтар берілді. Арнайы концерттік бағдарлама болды.