Келесі аптада Алматыда күн 37 градусқа дейін ысиды

«Қазгидромет» РМК Алматының келесі аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«Қазгидромет» РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаевтың айтуынша, 3-9 сәуір аралығында қалада күн бұлтты болады, ауа температурасы +37°С-қа жетеді.

3 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +28+30°С.

4 маусым: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, найзағайдың екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +30+32°С.

5-6 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +32+34°С.

7 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +34+36°С.

8-9 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +35+37°С.