Басты бет / Жаңалықтар /
Қазақстан скейтбординг федерациясы
Фото: Қазақстан скейтбординг федерациясы

Астанада «SOS балалар ауылының» балаларға арналған заманауи скейт-алаңы салынады

Астанада «SOS балалар ауылының» балаларға арналған заманауи скейт-алаңы салынады. Бұл туралы скейтбординг федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Балаларды қорғау күніне орайластырылған қазақстандық скейтбординг федерациясының бастамасы бойынша Астанада «SOS балалар ауылы» балалар үйінде толық жабдықталған және заманауи скейтборд алаңының құрылысы басталады.

Тәрбиеленушілерге скейтбординг федерациясына жұмысқа орналасу арқылы гранттар бөлінеді.

7858bda78b9d4c22b95324115d979b71 Астанада "SOS балалар ауылының" балаларға арналған заманауи скейт-алаңы салынады
Фото: Қазақстан скейтбординг федерациясы

Сонымен қатар федерация балалар үйіне сабаққа қажет құрал-жабдықтар (роликтер, скутерлер, скейттер) береді. Алдағы уақытта кәсіби жаттықтырушылар жаңадан салынған балалар үйінің тәрбиеленушілеріне скейтбординг бойынша тренингтер өткізеді.

1 маусымда ресми презентацияда алаңның макеті ұсынылды, оның құрылысы келесі күні басталып, екі-үш аптаға созылады. Жоба туралы баяндалған бағдарламаның ресми бөлігі кәсіби эскиз-шоумен жалғасты.

cf8f2ec0d20cdeee3666b4e44011cfb6 Астанада "SOS балалар ауылының" балаларға арналған заманауи скейт-алаңы салынады
Фото: Қазақстан скейтбординг федерациясы

Айта кетейік, «SOS балалар ауылы» — бұл үлкен балалар тұратын жалғыз балалар үйі. «Қазақстан скейтбординг федерациясы» РҚБ президенті Жандос Рахмет федерацияның негізгі міндеттерінің бірі ретінде балалар үйлерінен, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға, сонымен қатар қиын жасөспірімдерге өздерін және өмірдегі өз жолдарын табуға көмектесетінін айтып өтті.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram