Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Singer 2017: Димаш Құдайбергенов финалға жолдама алды

Қытайлық hupu.com сайтының мәліметінше, Димашпен бірге қытайлық әнші Лин Илиан және қытайлық «Арыстан» тобы ақтық кезеңге шыққаны жария етілді.

Димаш осымен байқаудың барлық іріктеу кезеңін артта қалдырып, соңғы межеге сүрінбей өтті. Оныншы кезеңнен кейін жарыс жолынан шығып қалған әншілерге жұбату бәсекесі болады. Финал екі кезеңге бөлініп, соңғы финал тікелей эфирден көрсетіледі. Ал, ертең Singer 2017 байқауының 9-кезеңі көрермен назарына ұсынылмақ. Онда Димаш канадалық әнші Селин Дионның «All by myself» әнін орындайды. Бұл кезеңде Димаш екінші орын алған болатын.

Ал 10-кезең эфирге 25 наурыз күні шығады. Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы ән байқауындағы сайысын отандық телеарна көрсетеді. Бұл туралы «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев мәлім етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version