Қажымұқан туралы анимациялық фильм түсіріледі

Қазіргі уақытта өңірдегі кино саласын дамытуға атсалысып жүрген 9 жеке студия бар. Олардың ішінде 4 киностудия — «Сақ», «Жайдарман», «Мейрам», «Көз тимесін» production» орталықтарының кино түсіруге мүмкіндігі мол.

Жоғарыда аталған 3 фильмді анимациялық жанрда еңбек ететін жалғыз студия – «Сақ» киностудиясы түсіретін болады. Сондай-ақ студия жетекшілігі облыс әкіміне «Көне жетігеннің сыры» туризмді насихаттайтын телехикая сценарийін ұсынды. Аталған сериалды өңір басшысы оң бағалап,  қолдау білдірді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Сақ» киностудиясының қорында 51 анимациялық фильм бар. Құрылғанына биыл 15 жыл толған шығармашылық ұжымда 40 анимация маманы жұмыс істейді.

Жақында ғана киностудия әзірлеген туындылардың ішіндегі «Қазақ елі» толықметражды анимациялық фильмі Египеттегі Каир қаласында өткен «XX Халықаралық анимациялық фильмдердің форумына» қатысып, «Ең үздік толықметражды фильм» жүлдесіне және «Үздік режиссура», «Үздік музыка» номинацияларына ие болды.

ДереккөзEgemen.kz