Доллар 443-448 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443-448 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443-447 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 444-448 теңге аралығында құбылып тұр.

30 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,61 теңгеге өсіп, 447,12 теңге болған.

Ұлттық банктің 31 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 447,08 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,53 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,3-5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,45-5,55 теңгеден сатылып жатыр.