Білім беру басқармасы енді балаларды тамақтандыру қымбатқа соғатынын ескертті.
Бірінші кезекте қоғамдық дабыл көтерген «Шаңырақ» қоғамдық ұйымының жетекшісі Махамбет Әбжан. Оның екі баласы Астанадағы № 3 «Батыр» мемлекеттік балабақшасына барады. Ол енді балаларының бір ай көлемінде бақшаға бара алмайтынын ескертіп, арыз жазбақшы. Әбжан оның себебін екі баласының тамағы үшін балабақшаға ақша төлей алмайтындығымен түсінедіреді.
Оған енді екі баласы үшін 16 мың теңгенің орнына 32 мың теңге төлеу керек.
— Менің пікірімше, осыған дейін балабақшаға мемлекет тарапынан көмек болатын, ал енді дағдарыс кезінде көмекті барлық жерде алып тастап жатыр. Онымен бірге нан бағасына қатысты да. Енді бізді алдап, азық-түлік қымбаттады деп жатыр, — дейді Мазамбет Әбжан.
Астанадағы білім беру басқармасы бұл мәселеге қатысты соңғы бес жылдан бері балабақша бағасы қайта қаралған емес, ата-аналары тек балаларының тамағы үшін ақша төлейді. Ал қалған шығынның барлығы қалалық бюджет өтейді, барлық елде осындай жағдай деп жауап берді.
Астананың азық-түлік кәрзеңкесі адам басына 24 мың 033 теңгені құрайды. Ал балаларды 8 400 –10 080 теңгеге тамақтандыру қазіргі жағдайда мүмкін болмай қалды.