Алматының үш ауданында уақытша ыстық су болмайды

Алматыда Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандары аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарда уақытша ыстық су болмайды.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қаланың Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарында тұрғын үйлер мен ғимараттарға ыстық су беру уақытша шектеледі.

Мына көшелер мен тұрғын үйлер:

5-9 маусым аралығы:

Свердлов -Таштитов — Хабаров — Орджоникидзе көшелері;

5-16 маусым аралығы:

Лавренев — Дөнентаев көшелері — Жұлдыз-2 шағынауданы (ішінара);

12-16 маусым аралығы:

Сүйінбай-Беляков-Казакпаев-Кожедуб көшелері;

Кассин-Буденный-Бехтерев-Жұмабаев көшелері;

Клара Цеткина — Қостанай — Спасская көшелері — Нұрсая шағынауданы;

12-23 маусым аралығы:

Рихарда Зорге — Чехов — Молдағалиева — Ақан Сері көшелері;

19-23 маусым аралығы:

Элеваторлық — Щелково — Сүйінбай даңғылы;

Таласская – Кассин — Дулатов — Монтин көшелері;

26-30 маусым аралығы:

Шахтинск — Демченко — Атбасар — Аяз би көшелері;

Рысқұлов — Буровая көшелері — Құлжа тасжолы — Атырау-1 шағынауданы;

Шекспир — Эйхе — Жайсан — Терешкова көшелері.