Алтай Рахымбетов «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды.
Алтай Рахымбетов 1973 жылы туған.
Өскемен энергетика техникумы, Өскемен құрылыс-жол институтын «жылу және газбен жабдықтау, желдету, ауа бассейнін қорғау» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы Алматы қалалық экология және биоресурстар басқармасының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің бірінші санатты маманы ретінде бастаған.
Әр жылдары Алматы экология басқармасының, қоршаған ортаны қорғау басқармасының, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.
2015 жылдан 2018 жылға дейін Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі қызметін атқарды.
Алматы жылу желілерінің бас директоры қызметіне тағайындалғанға дейін Алматының Бостандық ауданының әкімі болып жұмыс істеді.