Зейнеткерлер 1 шілдеден бастап БЖЗҚ-дағы барлық жинақ ақшасын шеше алады

Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы ақшасын үй сатып алуға немесе емделуге ала алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Әлеуметтік кодекс аясында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдарға тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге зейнетақы жинағының барлық жинақ ақшасын шеше алады:

  1. Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы ақшасын үй сатып алуға немесе емделуге ала алады;
  2. Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы ақшасын тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге биыл 1 шілдеден бастап ала алады.

Тұрғын үй сатып алуға пайдалану үшін:

  • «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ немесе екінші деңгейдегі банктерге хабарласу керек.

Емделуге пайдалану үшін:

  • Тек «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға хабарласу керек.

Қандай платформа арқылы тапсыруға болады?

  • www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы

Мына санаттағылар осы құқықты пайдалана алады:

  1. БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар жұмыс істейтін азаматтар. Олар «төменгі жеткіліктілік шегінен» асатын соманың бір бөлігін пайдалана алады;
  2. зейнетақысы жоғалған табыс сомасының (бұрын алған жалақысының) кемінде 40%-ін болатын зейнеткерлер. Олар БЖЗҚ-да қалған зейнетақы сомасының 50%-іне дейін пайдалана алады;
  3. өзіне зейнетақы аннуитетін ресімдеген және әлі де жинағы бар азаматтар – БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинағының сомасы шегінде пайдалана алады.

Бұл норма жұмыс істейтін азаматтарға және зейнеткерлерге қатысты.