Елімізде алдағы үш күнде күн құбылмалы болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 30 мамыр мен 1 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды учаскелермен анықталу себебімен, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында бұршақ жаууы мүмкін. 30 мамырда Шығыс Қазақстанда, 1 маусымда Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.

Тек Қызылорда және Ұлытау облыстарында антициклонның екпінімен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Сонымен қатар республика бойынша жел күшейеді, республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

Қазақстанда күндізгі негізгі температуралық фон: батыста және солтүстік-батыста 28-36 жылы, солтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта 25-35 жылы, оңтүстікте 32-37 жылы, шығыста бірте-бірте жоғарылайды, — делінген хабарламада.