БҚО-да 1,9 триллион теңгеге 111 инвестициялық жоба пулы жасақталды

БҚО-да өңдеу өнеркәсібі – 20,6%-ға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 4,7%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі — 34,0%-ға, тұрғын үйлерді іске қосу – 2,1%-ға, негізгі капиталға инвестициялар – 34,6%-ға өсіп отыр.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Нариман Төреғалиевтің айтуынша, өңір экономикасын әртараптандыру мақсатында жалпы құны 1,9 трлн теңгеге 5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 111 инвестициялық жоба пулы жасақталды. Оның ішінде 2023 жылы 46 млрд теңгеге 1300 жұмыс орын құрумен 54 жоба іске қосылуы жоспарлануда. Бүгінгі күні 14 млрд теңгеге 500-ге жуық жұмыс орнын құрумен 12 жоба іске қосылды.

Сонымен қатар, шетелдік инвесторлардың қатысуымен өңірде бірқатар жобалар қолға алынуда. Атап айтсақ, КПО б.в. компаниясымен Қарашығанақты кеңейту жобасының I кезені 5-ші компрессорды 970 млн АҚШ долларға орнату бойынша жұмыстар және II кезеңі бойынша 735 млн АҚШ долларға 6-шы компрессорды орнату бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Релокация аясында шетел капиталының қатысуымен кабельді өнімдер үшін фланецтар өндірісі, фанера, терезе жақтауы мен төсеніші мен есіктер өндірісі сияқты 152 жұмыс орнын құрумен 3,5 млрд теңгеге 4 жоба іске қосылған. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың маусым айында құны 1,4 млрд теңгеге 100 жұмыс орын құрумен бигбэг өндірісі жобасы іске қосылатын болады. 2024-2026 жылдары 8 кәсіпорынмен 4,4 мың га алқапта суармалы жерлерді айналымға енгізу бойынша жобалық құны 6,5 млрд теңге болатын инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр, — деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

БҚО-да Өңірлік жұмыспен қамту картасы арқылы 28,2 мың жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмалары негізінде өңірде бірқатар жұмыстар жүйелі атқарылып келе жатқандығын айтып берді. Соның ішінде мемлекттік бағдарламалар шеңберінде 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылғанын жеткізді.

Қазіргі таңда облыс деңгейінде жұмыспен қамту органдары арқылы 10 мыңнан астам тұрғын жұмысқа орналасты. Соның ішінде 4 мыңға жуығы жастар, — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар әкім өңірде 28,2 мың жұмыс орнын құру жоспарланып жатқанын, мемлекеттік бағдарламалар мен Өңірлік жұмыспен қамту картасы арқылы қолға алынатынын жеткізді.

Сонымен қатар БҚО-да 50 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу жоспарлануда. Биыл жоспарланған 24 медициналық нысанның 12-іне құрылыс-монтаждау жұмыстары мен материалдық-техникалық жарақтандыруға республикалық бюджеттен 8,4 млрд теңге қаражат бөлінді.

Одан бөлек КПО б.в. компаниясының әлеуметтік міндеттемелер шеңберінде 25 млрд теңгеге 1000-нан астам қажетті медициналық құрал-жабдықтар алынатын болады.

Облыс бойынша 247 дәрігер тапшылығының мәселесін шешу үшін өткен жылы жергілікті бюджеттен 55 грант талапкерлерге және республикалық бюджет арқылы — 88 грант резидентураға бөлінген.

Жалпы кадр мәселесін шешу бағытында жұмыстанып, шақырту нәтижесінде өңірімізге 13 дәрігер маман кадр келді, — деді облыс әкімі өз сөзінде.