Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына барды

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына барды. Бұл туралы Ақорданың Telegram-каналы хабарлады.

Президент мұнда өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, сонымен қатар әлеуметтік нысандарды аралап көреді.

Айта кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен баратыны хабарланды.

Сонымен қатар президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.

Ал 2-маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады.