Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда үш...

Қазақстанда үш мыңнан астам сарбаз әскери ант қабылдады

Астанада «Отан қорғаушылар» алаңында Ақмола өңірлік гарнизонының  68665 әскери бөліміне келген жастар салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсіміне қатысты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара «Отан Ана» монументіне гүл қоюдан басталды. Оған Қарулы күштердің ардагерлері, гарнизон әскери қызметшілері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, әскерге шақырылушылардың туған-туыстары қатысты.

Жастар әскери ант қабылдағанан кейін Қарулы күштер қатарына қосылды.

Әскери бөлім командирі подполковник Абай Әлібеков жас жауынгерлерді айтулы оқиғамен құттықтады.

Әскерге келген жастар жас жауынгер курсынан өтіп, бір айда әскери істің негіздерін үйренді. Олар жалпыәскери жарғыларды оқып, саптық, атыс және дене шынықтыру дайындығымен айналысты.

Бүгін «Оңтүстік», «Шығыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарында қызмет өткеріп жатқан Құрлық әскерлері әскери бөлімдерінің үш мыңнан астам азаматы әскери ант берді.

Жас жауынгерлердің ата-аналары әскери қызметпен және сарбаздардың тұрмыс жағдайымен танысты. Казармалар, асхана, оқу сыныптарын көріп, және олардың көкейіндегі барлық сұрақтарға жауап алды.