Астана әуежайының ұшу жолағы не үшін жабылады? Министрлік түсіндірді

31 мамыр мен 7 маусым күндері Астана әуежайының ұшу жолағы сағат 13:20-дан 17:20-ға дейін жабық болады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарладыхабарлады.

Астана халықаралық әуежайының қызметкерлері ұшу-қону жолағын резеңке қалдығынан тазартады. Бұл жұмыс ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоспар бойынша жылына екі рет жасалынуға міндетті, — делінген министрлік таратқан хабарламада.

Оған қоса азаматтық авиациядағы әуеайлақты қамтамасыз ету қағидалары шеңберінде болады. Резеңке қабаттары арнайы сұйықпен және щеткамен жуылады.