Алматыдан 413 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 26 мамыр күні сағат 14:07-де жер сілкінісін тіркеді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 413 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасты.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10.7;
  • MPV магнитудасы — 4.7;
  • Ошағының бағыты — 39.76° с.е 75.04° ш.б;
  • Тереңдігі — 15 километр.

МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.