Қазақстанда 15 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 15 129 шетел азаматы жұмыс істейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 583 рұқсат (бірінші санат),
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 993 рұқсат (екінші санат).

Тартылған шетел жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 080 және 891 адам. Сонымен қатар маусымдық жұмыстарға 1 717 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 865 адам тартылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Марат Қарабаев: Азаматтық авиация саласында кадр тапшылығы бар

Азаматтық авиация саласында кадр тапшылығы бар. Бұл туралы үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

Абай облысындағы 93 ауылда интернет жоқ

2027 жылға дейін Абай облысының елді мекендерінің 94%-ын сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспарланды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин желіде хабарлады.

Алматының үш ауданында уақытша ыстық су болмайды

Алматыда Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандары аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарда уақытша ыстық су болмайды.

«ГОК» — шенеуніктердің жемқорлығын әшкерелейтін фильм

«ГОК» - Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлікті рейдерлікпен басып алу туралы толықметражды фильм. Фильм бүгін, 25 мамырдан бастап прокатқа шығады. 

Қазақстанда тиімсіз тыйымдарға қарсы петиция басталды  

Tastau.qaz қоғамдастығының негізін салушы, журналист Татьяна Фоминова вейпке тыйым салу сияқты жұмыс істемейтін түзетулерді заңға енгізудің орнына қолданыстағы заңнаманы реттеп, сол арқылы мәселені шешуді үндейтін петицияны бастады.

Президент қағаз өнімдерін шығаратын фабриканың жұмысымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «РимҚазАгро» қағаз өнімдерін шығаратын фабриканың жұмысымен танысты.