Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім ұлттық банктің жаңартылған болжамдары, деректерді талдау және инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау негізінде қабылданды.

Сыртқы ортаның проинфляциялық қысымы бәсеңдеп келеді. Әлемдегі инфляция атап айтқанда, сауда-серіктес елдердегі инфляция қуат көзі мен азық-түліктің әлемдік бағасы төмендегендіктен, баяулай бастағынын көрсетіп отыр. Тұрақты нақты айырбастау бағамы аясында сыртқы бағалардың мейілінше баяу өсуі елдегі инфляцияның бәсеңдеуіне қолайлы жағдай жасап отыр.

Қазақстанда проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, тұрақты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер, сонымен қатар жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) бағасының өсуі мен күтілетін тұрғын-үй коммуналдық қызмет (ТКҚ) тарифтерінің көтерілуі тарапынан сақталып отыр, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сыртқы инфляция тарапынан қысымның әлсіреуі есебінен тәуекелдердің жиынтық балансы дезинфляциялық факторлар жағына аздап ығысты. Бұл 2022 жылғы қыркүйектен бастап инфляцияның тұрақты бөлігіндегі көрсеткіштердің баяулауын қоса алғанда, осы жылдың екінші жартысында базалық мөлшерлеменің біртіндеп және баяу төмендеуіне мүмкіндік тудыруы ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Оқу-ағарту министрлігі оқулықты ерте өткізу фактілерін тексереді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқулықты 31 мамырға дейін тапсыру туралы шағымдарға жауап берді.

Аллергиядан толық емделуге бола ма? Маман жауап берді

Аллергиядан түбегейлі емделуге бола ма? Ол неден пайда болады? Аллергияға көп шалдығатындарк кімдер? Бұл сұрақтарға аллерголог Ұлдана Қапалбекова жауап берді. Аллергия неден пайда болады? 

Алматының бірнеше шағынауданы суық судан ажыратылады

Алматының бірнеше шағынауданы бір күнге суық судан ажыратылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

БҚО-да 6,0 млрд теңгеге 4 сүт-тауарлы фермасын салу жоспарлануда

БҚО-да 6,0 млрд теңгеге 4 сүт-тауарлы фермасын салу жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нариман Төреғалиев баяндап өтті.

Парламент мәжілісінің жалпы отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. 

Efes Art Space алаңында инклюзив театрдың «Машаның хаттары» көрмесі ашылды

Efes Art Space Алматы тұрғындары мен қонақтарын актриса Мария Дубоделованың өмірлік тәжірибесі негізіндегі «Действие буквально» театр зертханасының әлемімен танысуға шақырады.