Абай облысында төрт күн бұрын басталған өрт сөндірілді

Абай облысында төрт күн бұрын басталған ормандағы өрт сөндірілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кеше сағат 18:32-де оқшауланған.

Бородулиха ауданында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. 25 мамыр күні үкімет отырысында өңірдегі жағдай күн тәртібінен тыс қаралды, — делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, ормандағы өртті сөндіруге үш ведомствоның 10 тікұшағы жұмылдырылды. Тәулігіне 52 рет 130 тонна су ағызылды (барлығы 298 рет, 745 тонна су).

Жалын 3 500 гектар аумақты шарпыды.

Еске салайық, 22 мамырда Ресейдің Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөп жанып, жалын «Семей орманы» табиғи резерваты аумағына тарады.

Ормандағы өртке байланысты 277 адам эвакуацияланды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Efes Art Space алаңында инклюзив театрдың «Машаның хаттары» көрмесі ашылды

Efes Art Space Алматы тұрғындары мен қонақтарын актриса Мария Дубоделованың өмірлік тәжірибесі негізіндегі «Действие буквально» театр зертханасының әлемімен танысуға шақырады.

Алматыда дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады

Алматыдағы "Аккунин" дәмханасының жазғы аумағында ағаш құлады. Бұл туралы Алматы құтқару қызметі хабарлады.

БҚО-да тұрғын үйлер құрылысына және пәтерлер сатып алуға 11,3 млрд теңге бөлінді

Президент өз жолдауында тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керектігін айтқан болатын. Бұл өңірдегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі таңда облыс бойынша үй алу кезегіне 32 мың азамат тіркелген.

Әскерде жүрген сарбаздың несиесі уақытша тоқтатылады

Әскерде жүрген сарбаздың несиесі уақытша тоқтатылады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәдениет саласының қызметкерлері қосымша төлем алады

Қазақстанда балет, би ансамбльдерінің, мемлекеттік цирк артистері мен үрмелі аспаптар оркестрлерінің музыканттары ай сайын әлеуметтік көмек алады.

Агенттік TikTok-та тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады

Қаржылық мониторинг агенттігі TikTok желісінде тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады.