Алматының бірнеше шағынауданы суық судан ажыратылады

Алматының бірнеше шағынауданы бір күнге суық судан ажыратылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Алматының бірқатар шағынауданында сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты, суық су жергілікті түрде ажыратылады.

30 мамырда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін:

  • «Орбита-1, 2, 3, 4»,
  • «Таугүл — 1, 2»,
  • «Мамыр-1, 4, 5, 6, 7»,
  • «Алмас»,
  • «Атамекен»,
  • «Қуаныш»,
  • «Достық» шағынаудандары,
  • М. Кәрім,
  • Цветочная,
  • Ықылас,
  • Тойбастар,
  • Тайбұрыл,
  • Пролетарская көшелеріндегі тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша шектеледі.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Анықтама телефоны: 274-66-66, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматыдан 413 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 26 мамыр күні сағат 14:07-де жер сілкінісін тіркеді.

Атырауда жалған нөмір таққан көліктің 86 айыппұлы бар болып шықты

Атыраулық жүргізуші 86 айыппұлы төленбеген, мемлекеттік белгісі жалған көлікпен ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

5 маусымда «Болашақ» стипендиясына өтініш қабылдау басталады

"Болашақ" бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 5 маусымда басталады. Құжаттарды қабылдау 7 шілдеге дейін жалғасады.

Қазақстанда алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанда 1-3 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Астанада бірнеше автобустың жол бағыты уақытша өзгереді

«City Transportation Systems» ЖШС Астанада үш автобустың бағыты уақытша өзгеретінін хабарлады.

БҚО-да 1,9 триллион теңгеге 111 инвестициялық жоба пулы жасақталды

БҚО-да өңдеу өнеркәсібі – 20,6%-ға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 4,7%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі - 34,0%-ға, тұрғын үйлерді іске қосу – 2,1%-ға, негізгі капиталға инвестициялар – 34,6%-ға өсіп отыр.