Жазда 2,8 миллион оқушы мемлекет есебінен тегін демалады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жазғы каникулда оқушылардың демалысын ұйымдастыру шаралары туралы айтты.

Биылғы жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен 1-10 класта оқитын балалардың 85,3%-і қамтылады. Олардың жалпы саны — 2,8 миллион адам. Соның ішінде жекелеген санаттарға кіретін 500 мыңнан астам бала бар.

Жергілікті бюджеттің есебінен демалатындар:

  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балалары;
  • мүмкіндігі шектеулі балалар;
  • экологиялық жағынан қолайсыз аймақтарда тұратын балалар;
  • оқудың үздіктері.

Республика бойынша каникул кезінде қала сыртындағы 218 (118 — мемлекеттік, 100 — жеке) және мектеп жанындағы 10,2 мың лагерь өз есігін ашады.

Сонымен қатар оқушыларға дәстүрлі және мәдени құндылықтармен танысуға мүмкіндік беретін «Этноауыл», «Жаздық жолдама» жобаларын іске асыру, жетекші университеттер жанындағы жазғы және олимпиадалық резерв мектептерінің жұмысы көзделген. Бұдан бөлек, 11 мың үйірме жұмысын жалғастырады. Жалпы, 1,4 миллион баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы қосымша білім беру ұйымдары, — деді Ғани Бейсембаев.

Мектеп оқушылары «Жасыл ел» бағдарламасы аясында көгалдандыру шараларымен де айналысады. Сонымен қатар олар еліміздің киелі жерлеріне саяхаттайды, спорттық жаттықтыру жиындарына және тілдік курстарға қатысады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматының үш ауданында уақытша ыстық су болмайды

Алматыда Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандары аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарда уақытша ыстық су болмайды.

Мәжіліс депутаты еліміздегі интернет сапасын сынға алды

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Қазақстандағы интернет сапасын сынға алды.

Қазақстанда Ата-аналар кодексі әзірленеді

Елімізде Ата-аналар кодексі әзірленеді. 2023-2025 жылдарға арналған «Бала қорғау» кешенді жоспары «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

2023 жылы БҚО-да 570 шақырым жол жөнделеді

Қазіргі таңда облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 176 шақырымды құрайды. Оның 4762 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар болса, 1414 шақырым жол республикалық маңызға ие.

Алматы жылу желілерінің жаңа басшысы тағайындалды

Алтай Рахымбетов «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды. 

Қазақстанда тиімсіз тыйымдарға қарсы петиция басталды  

Tastau.qaz қоғамдастығының негізін салушы, журналист Татьяна Фоминова вейпке тыйым салу сияқты жұмыс істемейтін түзетулерді заңға енгізудің орнына қолданыстағы заңнаманы реттеп, сол арқылы мәселені шешуді үндейтін петицияны бастады.