ЭКСПО нысандары студенттерге жатақxана ретінде берілуі мүмкін

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутат Владимир Редкокашин ЭКСПО нысандарын Астана медицина университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі жатақханаға мұқтаж студенттерге беруді ұсынды.

«Жалпы елордадағы оқу орындары бойынша жатақханаларда орындардың жетіспеушілігі байқалып отыр. Бұл тұрғыдағы жағдайды шешу үшін Астанадағы ЭКСПО-2017 аяқталғаннан кейін босатылатын кейбір тұрғын үй нысандарын студенттер үйі ретінде берілсе деген ұсынысымыз бар»,-деді депутат.

Бірқатар депутаттардың бұл сауалы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа жолданды.

ДереккөзInform.kz