Басты бет / Жаңалықтар /
президент көлік
Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Үлкен Кремль сарайына барды

Мемлекет басшысы жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына барды.

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан президентімен қатар Ресей Федерациясының президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, сонымен қатар Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қатысады.

5c6f96effcad061d6488a1daceaa75b7 Қасым-Жомарт Тоқаев Үлкен Кремль сарайына барды

Сонымен қатар бейнебайланыс арқылы ЖЕЭК жанындағы бақылаушы мемлекеттерден Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес және шақырылған қонақ ретінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады деп жоспарланып отыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook