Вице-министр Абай облысындағы өрт неге әлі сөндірілмей жатқанын түсіндірді

Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күршімбаев Абай облысындағы ормандағы өрт неге әлі сөндірілмей жатқанын түсіндірді.

Оның айтуынша, ормандағы өртті сөндіру үнемі қиынға соғады.

Өртті сөндіруге климаттық жағдай да әсер етеді, қазір секундына 15 метрге дейін жел соғып тұр, күндіз ауа температурасы 25-26 градусқа дейін көтеріледі. Осы құрғақ ауа райы өрттің жайылуына әсер етеді. Оның үстіне өте күрделі рельеф, сол себепті өрт сөндіру ұзаққа созылып жатыр, осымен үшінші тәулік күресіп жатырмыз. Қазір төтенше жағдай бақылауда, — деді Ибагим Күршімбаев үкімет кулуарында.

Өрттің жалпы аумағы — 3,5 мың гектар. Вице-министр дәл қазір елдімекендерге ешқандай қауіп жоқ екенін айтып өтті.

Бірақ алғашқы күндері үш елдімекенге қауіп төнді. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері тұрғындарды дер кезінде эвакуациялады. Олардың мүлкін күзетіп жатыр, жағдай тұрақталғаннан кейін халық үйлеріне оралады, — деді Ибрагим Күршімбаев.

Еске салайық, 22 мамырда Ресейдің Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөп жанып, жалын «Семей орманы» табиғи резерваты аумағына тарады.

Ормандағы өртке байланысты 277 адам эвакуацияланды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстанда үш мыңнан астам сарбаз әскери ант қабылдады

Астанада «Отан қорғаушылар» алаңында Ақмола өңірлік гарнизонының №68665 әскери бөліміне келген жастар салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсіміне қатысты.

Зейнеткерлер 1 шілдеден бастап БЖЗҚ-дағы барлық жинақ ақшасын шеше алады

Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы ақшасын үй сатып алуға немесе емделуге ала алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болды

Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы жылу желілерінің жаңа басшысы тағайындалды

Алтай Рахымбетов «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды. 

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақордның Telegram каналы хабарлады. 

Мемлекет басшысы ЖЕЭК шағын құрамдағы отырысына қатысты

Президент жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.