Алматы облысындағы уланған мектеп оқушылары үйлеріне оралды. Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының дәрігерлері ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы жақсарғанын хабарлады.
Еске салайық, 2023 жылғы 19 мамырда сағат 16:00-де жедел жәрдем бригадасы Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының қабылдау бөліміне Бәйтерек ауылындағы орта мектептің 5 «Д» класынан астан уланған болуы мүмкін деген күдікпен 10 оқушыны жеткізілді. Оқушыларға алдын ала «Бактериялық тағамнан улану, анықталмаған» деген диагноз қойылған. 22 мамырда 10 оқушының барлығы үйлеріне оралды.
Балалардың денсаулығының жақсаруына байланысты және ата-аналарының өтініші бойынша балалар үйлеріне шығарылып, тұрақты мекен-жайы бойынша амбулаторлық бақылауға алынды, – деді Еңбекшіқазақ ауданы бойынша директордың ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Әлия Омарбекова.