Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның жыл...

Қазақстанның жыл көйлегі анықталады

Дүниежүзілік сұлулық конгресінің Қазақстандағы өкілдігі «Қазақстанның жыл көйлегі 2017» атты ІІ жыл сайынғы дизайнерлер мен сәнгерлер сайысын өткізеді.

Байқаудың финалдық кезеңі 24 мамыр күні Алматы қаласында өтеді.

«Байқаудың бірегейлігі — қатысушылар өздерінің барлық күшін, уақытын және дарынын салып жасаған бір көйлекті ғана ұсынатын болады», — дейді жоба ұйымдастырушылары.

Алғашқы бес жеңімпаз «Әлем көйлегі», «Dress of the World» Дүниежүзілік сәнгерлер мен дизайнерлер сайысында Қазақстанның атынан шығуға мүмкіндік алады.

ДереккөзInform.kz