Алматы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Бейбіт Шаханов Алматы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.

Бейбіт Шаханов 1979 жылы туған. Абылай хан атындағы қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, қазақ мемлекеттік заң университетін, қазақ коммерциялық-қаржы академиясын және Ланкастер университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің монополияға қарсы заңнаманың сақталуын бақылау департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары қаржы, білім және ғылым, қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарған.

2015-2022 жылдары ҚР ұлттық экономика, инвестициялар және даму, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері мен құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитетінде жұмыс істеген.

2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы құрылыс басқармасының басшысы болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Президент: Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді

Президент 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады.

Алматыда жол талғамайтын премиум TANK 300-дің презентациясы өтті

Алматыда жол талғамайтын Great Wall Motor — TANK 300 қытайлық автоконцерннің презентациясы өтті.

Президент Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Премьер-министр «Алтын Орда» базарындағы заңбұзушылықты жоюды талап етті

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте "Алтын Орда" базары жұмысының өзекті мәселелері қаралды.

Fly Arystan мен Air Astana-ның бөлінуі билет бағасына қалай әсер етеді?

Air Astanа әуекомпаниясының президенті Питер Фостер Fly Arystan Air Astanа-дан бөлінсе, онда тарифтер төмендемейтінін мәлімдеді.