Мәжіліс депутаты Маггерам Маггерамов Қазақстанда өнімге салық енгізуді ұсынды.
Оның айтуынша, кейінгі он жылда мұндай салықтар Дания, Эквадор, Мысыр, Франция, Венгрия, Мексика, АҚШ және басқа да мемлекеттерде қалыптасқан. Медицина мамандарының пікірінше бұл қабылдаған шешімдер халықтың денсаулығына оң әсерін тигізді. Өйткені олар зиянды тағамдарды тұтынудың төмендеуіне әкелді.
Салықтың бұл түрі енгізілген елдерде азық-түлік өнімдерін өндірушілер мен сатушылардың 70%-іне дейін зиян өнімдер санын азайтты. Сондықтан біз зиян өнімдерге салық салуды және пайдалы өнімге төмен бағамен қамтамасыз етуді ұсынамыз, — делінген мәжіліс депутатының премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.