Басты бетЖаңалықтарБатыс Қазақстан...

Батыс Қазақстан облысында 23 жер учаскесі заңсыз берілген

Батыс Қазақстан облысында жер қатынастары саласындағы бірқатар бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі хабарлады.

Бәйтерек ауданының Ақжайық ауданының және Орал қаласының әкімдіктері жалпы ауданы 11 348 гектар 23 жер учаскесін өтеусіз негізде жеке меншікке заңсыз берген.

Талдауда сауда-саттық пен аукцион өткізбей жер беру, бизнесті жүргізу үшін алынған жердің нысаналы мақсаты өзгергені, бұрын уақытша жер пайдалануға берілген бизнеске арналған жер учаскелерін сатып алу құқығынан бас тарту, рекреациялық аймақта жер учаскелерін беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және басқа да тәуекелдер анықталды, — делінген хабарламада.

Облыстық антикордың мәліметінше, бұл сала сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне барынша бейім. Мәселен, Оралда және Бәйтерек ауданында инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін жалпы ауданы 61 гектар 42 жер учаскесі жалға берілді.

Сонымен қатар қала аумағында объектілерді салу үшін рекреациялық аймақта 200-ге жуық жер заңсыз берілгені анықталды, бұған жер заңнамасымен тыйым салынған. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша облыс әкімдігімен бірлесіп департамент енгізген ұсынымдарды орындау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, — делінген хабарламада.