Басты бетЖаңалықтарҮлкен Алматы...

Үлкен Алматы айналма жолы қашан пайдалануға беріледі?

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын 2023 жылы екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілі айтты.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтиярдың айтуынша, биыл екінші жартыжылдықта Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын пайдалануға беру жоспарланған. Ұзындығы 66 шақырымға созылған үш жолақты I-А санатты жол, қарама-қарсы бағытта да солай қарастырылған. Алты жолақты ақылы автомобиль трассасында сағатына 120 шақырыммен жүруге рұқсат етілген.

ҮАААЖ-да ақы алудың ашық жүйесі қарастырылған. Яғни, бұл жүйе айналма жолда шығар кезде және кіреберісінде шлагбаум қоюды қажет етпейді, — деді Жамбыл Бақтияр.