«Осы жылғы 1 сәуірден бастап автобус парктерінің әкімшілігі рейс алды тексеру уақытында жүргізушілердің ұялы телефондарын қоюға арнайы ұяшықтар ұйымдастыруды ұсынды», — делінген қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ, Көліктік бақылау қызметіне бақылау-желілік қызметпен бірлесіп желідегі жүргізушілердің автобус салонында телефон қолдануы, темекі шегуіне, сондай-ақ жол қозғалысы қағидасын сақтауына мониторинг жүргізуді тапсырды.
574-777 нөмірі көрсетілген ақпарат қала автобустарының салонына орналастырылған.