Басты бетЖаңалықтарҚТЖ бірқатар...

ҚТЖ бірқатар өңірде жолаушылар пойызының кешігу себебін түсіндірді

«Қазақстан темір жолы» компаниясы еліміздің бірқатар өңірінде жолаушылар пойызының кестеден кешігу себебін түсіндірді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Инфрақұрылымды жаңғырту және қазіргі жағдайда күтіп ұстау бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін ҚТЖ пойыздар қозғалысы жылдамдығына уақытша шектеу енгізді. Бұл жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалыс кестесінің сақталуына ықпал етеді. Астана-Алматы, Алматы-Петропавл, Шымкент-Астана, Жезқазған-Алматы, Алматы-Орал бағыттарындағы пойыздар кешігуі мүмкін. Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрайды және орын алған жайтқа түсіністікпен қарауды өтінеді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ жөндеу жұмыстары жаппай жүргізілген жағдайда жолаушылар пойызының нормативтік кестесін сақтау бойынша күнделікті іс-шаралар қабылдайды, — делінген хабарламада.

Компания мәліметінше, қазіргі уақытта темір жол инфрақұрылымын жөндеу жұмыстарының ауқымы ұлғайтылған. Биыл 1,1 шақырымнан астам жолды жөндеу көзделіп отыр.