Биыл ҰБТ тапсыратындардың 75%-і қазақ тілінде тестіден өтуге өтініш берді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді.
Тест тапсыру тіліне қатысты тоқталсақ, түлектердің 75%-і қазақ тілінде, 25%-і орыс тілінде, 243 адам (0,14%) ағылшын тілінде тестіден өтуге өтініш білдірді. Биыл тест форматында өзгеріс жоқ. Пән саны өзгеріссіз қалады, яғни үш міндетті және екі бейіндік пән қамтылған. Барлығы 120 тест сұрағы болады. Ең жоғары ұпай – 140. Тестілеудің жалпы уақыты төрт сағатқа жалғасады, — деді Қуаныш Ерғалиев орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлердің тест тапсыруына қолайлы жағдай қарастырылған.
Мәселен, оларға ҰБТ тапсыру үшін қосымша 40 минут уақыт беріледі. Осы санаттағы азаматтар үшін сызба және диаграммаларсыз сұрақтар жасалды, — деді вице-министр.