Халима Якобтың Астанаға сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды

Сингапур президенті Халима Якобтың Астанаға мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қол қойылған бірлескен құжаттар:

1. Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Сингапур Республикасының үкіметі арасындағы Орталық Азия елдері (С5) мемлекеттік қызметшілері үшін әлеуетті арттыру бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

3. «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Enterprise Singapore арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

4. QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Enterprise Singapore арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Автокөлікке VIP-нөмірді онлайн таңдауға болады

Былтыр автокөлік иелері шамамен 6 миллиард теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Жанар-жағармайды шекарадан шығаруға қойылған шектеу тағы ұзарады

Елімізде автомобильмен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін шығаруға салынған шектеу алты айға ұзарады.

Абай облысындағы 93 ауылда интернет жоқ

2027 жылға дейін Абай облысының елді мекендерінің 94%-ын сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспарланды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин желіде хабарлады.

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 30 мамырға арналған бағамын белгіледі.

БҚО-да 1,9 триллион теңгеге 111 инвестициялық жоба пулы жасақталды

БҚО-да өңдеу өнеркәсібі – 20,6%-ға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 4,7%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі - 34,0%-ға, тұрғын үйлерді іске қосу – 2,1%-ға, негізгі капиталға инвестициялар – 34,6%-ға өсіп отыр.

Қазақстанда алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанда 1-3 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.