Жасөспірімдерді никотинге тәуелді болудан қорғау үшін вейпке толық тыйым салу идеясы әлемдік тәжірибеге сәйкес келмейді. Сарапшылар бірқатар дамыған елдің тәжірибесін, Қазақстанның кейбір көршілес елінің тәжірибесін сараптай келе осыны айтып көрсетті.
Ұлыбританияда үкімет кәмелетке толмағандарға никотині бар кез келген өнімді сатуға қатаң тыйым салды. Сонымен бірге билік шылым шегетін ересектерді шылым алғаннан темекі шегу мен қыздырылған темекі сияқты қаупі аз түтінсіз никотин жеткізу жүйелерін алуға көшуге белсенді түрде шақырып жатыр.
Англияның қоғамдық денсаулық сақтау ұйымының есірткі және алкоголь саясаты жөніндегі сарапшысы Дэвид Макинтош биыл Британ үкіметі шылым шегетіндерді темекіден вейп пен жылытылатын темекіге көшу бойынша ауқымды бағдарламаны іске қосқанын айиия.
Жоба аясында темекі шегетін көптеген адамға темекіні тастау үшін тегін вейп беріледі. Баға саясаты зияны аз өнімге көшуді ынталандырады. Өйткені салық икемді болғандықтан, темекі түтінсіз балама өнімдерге қарағанда айтарлықтай қымбат.
Вейпиң немесе түтінсіз қыздырылған темекі шегетін адамның денсаулығына және оның қоршаған ортаға зияны азырақ. Электрон темекі немесе темекі жылыту жүйелерін пайдаланған кезде жанбайды және түтін шықпайды, яғни улы химикаттар түзілмейді. Зияны аз түтінсіз өнімдерге көшу миллиондаған адамның өмірін сақтайды. Бұл тәсіл зиянды азайтуды көздейді, — деп түсіндірді британ сарапшысы.
Көрші Қырғызстан да темекі шегуді реттеуде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зиянды азайту тұжырымдамасын негізге алды. Ел билігі әлемдік тәжірибені зерттеп, темекіге сараланған акциздер мен түтінсіз никотин жеткізу жүйелерін енгізді. Нәтижесінде темекіге қарағанда вейптЕр мен қыздырылған темекі қалта көтеретін болды. Бұлай реттеудің қисыны түсінікті де – зияны аз өнім арзан болуы керек, деп түсіндіреді Жогорку Кенеш (Қырғыз Республикасы парламенті — ред.) денсаулық сақтау жөніндегі орталық комитетінің төрайымы Винера Раимбачаева.
Оның айтуынша, билік сауда нысандары кәмелетке толмағандарға вейп сатуға тыйым салуды бақылауды күшейтті.
Республика бойынша рейдтер жүргізіліп жатыр, кәмелетке толмағандарға никотині бар кез келген өнімді сатам деп бизнесіңізді толығымен жоғалтуыңыз мүмкін. Зиянды азайту принципіне сүйене отырып, Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі елдегі темекі шегетіндер санын барынша азайтуға мән берәп отыр. Бүгінде зиянды азайту — салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы аса өзекті тақырып. Салауатты өмір салтына тенденцияны қалыптастыру үшін үлкен күш-жігер қажет. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл жерде ең тиімді құралдар жиынтығын беретін зиянды азайту тұжырымдамасы, — деді Винера Раимбачаева.
Жасөспірімдерге вейп сатпау, олардың сатылуын бақылауды күшейту және шылым шегетін ересектерді түтінсіз никотин жеткізу жүйесіне көшуге ынталандыру — Ресейдің таңдалған жол. Жақында Ресейде кәмелетке толмағандарға вейп сатуға тыйым салатын арнайы заң қабылданды.
Бұған дейін Ресей мемлекеттік думасында және қазір Қазақстан парламентінде вейпке толығымен тыйым салу идеясы белсенді түрде алға тартылды. Оның авторлары мұны өскелең ұрпақты никотинге тәуелді болудан қорғау қажеттігі дейді.
Бірақ ақыр соңында қарапайым принципке негізделген прагматикалық көзқарас басым болды: түтінсіз никотин жеткізу жүйелері бастапқыда кәмелетке толмағандарға арналмаған. Олар темекі шегетін ересектердің денсаулығына зиянын азайтуға көмектесу үшін жасалған.
Осыған сүйене отырып, мемлекеттік дума кәмелетке толмағандарға сатуға толық тыйым салып, вейп пен олардың құрамдас бөліктерін сатуға қойылатын талаптарды түбегейлі қатайту туралы шешім қабылдады (бұрын Ресей Федерациясында балалар мен жасөспірімдер құрамында никотин мөлшерінен төмен вейп сұйықтарын еркін сатып ала алатын).
Оған қоса Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы кез келген дереккөзде, соның ішінде әлеуметтік желілерде вейпті жарнамалауға толығымен тыйым салды.