Астана мен Ташкент арасында тағы бір ұшақ қатынайды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті Қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
2023 жылғы 3 шілдеден бастап FlyArystan әуе тасымалдаушысы А–320 типті әуе кемелерінде аптасына екі рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі) Астана-Ташкент бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстер санының артуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастардың одан әрі дамуына ықпал ететін болады, — делінген хабарламада.