Кадр мәселелері жөніндегі кеңесте Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚР президенті әкімшілігінің және Алматы мәслихатының келісімі бойынша қала әкімінің өкімімен лауазымдарға тағайындалған аудандардың жаңа әкімдерін таныстырды.
Наурызбай ауданының әкімі болып Назира Тоғызбаева тағайындалды, ол 2021 жылғы қаңтардан бастап жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Әуезов ауданының әкімі қызметіне Абзал Егембердиев тағайындалды. 2022 жылғы тамыз айынан бастап Абзал Егембердиев қаланың мемлекеттік активтер басқармасын басқарды.
Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин болды. Тағайындалғанға дейін ол энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Алмалы ауданын Айдар Жақыбаев басқарады. 2023 жылғы қаңтар айынан бастап Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болды.