Басты бетЖаңалықтарАлтай Көлгінов:...

Алтай Көлгінов: Университеттерде кәсіби қазақ тілі оқытылады

Енді университеттерде кәсіби қазақ тілі оқытылады. Бұл пән оқу орындарының оқыту тіліне қарамастан енгізіледі.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.

Ғылым және жоғары білім министрлігі тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама жобасын әзірледі. Тұжырымдама жобасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және оның статусын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шара бар.

Премьер-министрдің орынбасары міндетті сипаттағы нормативтік терминологиялық сөздіктерді шығару мәселесі пысықталып жатқанын айтты.

Бұл сөздіктер бірінші кезеңде (болжам бойынша, 2026-2027 жылдары) министрлік жанындағы республикалық терминология комиссиясы бекіткен терминдер негізінде әзірленеді, — деді Алтай Көлгінов.