Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Сапар аясында мемлекет басшысы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.

Президент 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және мемлекеттік сапар аясында бірқатар шара өткізеді, сонымен бірге Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады.

Мемлекет басшысы 19 мамырда «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады. Сонымен қатар президент еліміздің Сиань қаласындағы бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.