Алмас Батанов Алматы облысы әкімінің орынбасары болды

Алмас Батанов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкіміммен Алмас Сұлтанұлы Батанов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Алмас Батанов 1977 жылы туған, білімі жоғары.

2000 жылы қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «агроөнеркәсіп кешеніндегі ақпараттау жүйесі» мамандығы бойынша, 2004 жылы Алматы технологиялар және бизнес университетін «стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша, 2010 жылы Ұлыбританияда Ноттингем университетін «ақпараттық технологиялар менеджменті» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы «Метрология» РМК Алматы филиалының жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары «Қазақстан метрология институты» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының жетекші маманы, «ҚазИнМетр» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының бас маманы, бөлім, басқарма бастығы, «ҚазИнМетр» РМК орталығының басшысы, «Экономикалық зерттеу институты» АҚ бас менеджері — бас сарапшысы, ҚР президенті әкімшілігінің сарапшысы, консультанты, референті, ҚР өңірлік даму министрлігінің департамент директоры, ҚР премьер-министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі, ҚР ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының орынбасары, ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР инвестициялар және даму министрлігінің комитет төрағасы, ҚР президенті әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі, Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Алматы стратегия және бюджет басқармасының басшысы, Алматы қаржы басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2022 жылғы тамыздан бастап Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымын атқарды.