Биыл бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері 1 триллион теңгеге ұлғайды. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты.
Виталий Тутушкин қаңтар-сәуір аралығында қорға 81,8 миллиард теңге зейнетақы төлемдері түскенін мәлімдеді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері биыл 7,2%-ке немесе 1 триллион теңгеге ұлғайып, сәуір айының соңында 15,7 триллион теңге болды. Биылдан бастап инвестициялық кіріс көлемі 482 миллиард теңге, зейнетақы жарналары – 664 миллиард теңге, зейнетақы төлемдері – 81,8 миллиард теңге, мерзімінен бұрын алу сомасы шамамен 47 миллиард теңге болды, — деді Виталий Тутушкин.
Оның айтуынша, аталған аралықта ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 0,5%-ке өсіп, 58,7 миллиард долларға жеткен.