Қазақстанда ақылы жолға кірген көлік жүргізушелеріне SMS-хабарлама жіберу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.
Бұл туралы QazAvtoJol компаниясы хабарлады.
Пилоттық жоба аясында автокөлік иесіне ақылы жолға өткені туралы SMS-хабарлама түседі. Соның ішінде төлем әдістері туралы сілтеме де болады. SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді, — делінген хабарламада.
Олар:
- Астана-Павлодар;
- Шымкент-Қызылорда;
- Шымкент-Ташкент;
- Шымкент-Тараз;
- Тараз-Қайнар;
- Қонаев-Талдықорған;
- Щучинск-Көкшетау.
Шлагбаумдар қарастырылған учаскелерден өткен кезде («Астана-Щучинск»,» Астана-Теміртау» ,»Алматы-Қонаев»,» Алматы-Қорғас») SMS-хабарлама келмейді.