Басты бетЖаңалықтарБас прокуратура...

Бас прокуратура Қайрат Құдайбергенге жаңа айып тағып отыр

Бас прокуратура Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенге жаңа бап бойынша айып тағып отыр.

Өткен аптада бас прокурордың аға көмекшісі Тәштенов Азат жаңа айып тақты, — делінген Қайрат Құдайбергеннің желідегі ресми парақшасында.

Оның үстінен қылмыстық кодекстің 380-бабының 2-тармағы «(«Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері») бабымен іс қозғалған еді.

Еске салайық, Қайрат Құдайберген 2022 жылғы сәуірде қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды. Ол ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу изоляторында қамауда отыр.