Басты бетЖаңалықтарАнтикор арнайы...

Антикор арнайы ХҚКО-лар ісі бойынша тергеуді аяқтады

Антикор арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Антикоррупциялық қызмет Астана бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімінің қызметкерлері мен азаматтық тұлғалар қатарынан ұйымдастырылған топқа қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады.

Қылмыстық іс «Web-Модуль» және «ИИС ЦОН» ақпараттық жүйелерінде көлік құралдары туралы мәліметтерді заңсыз енгізу және жою, мәмілелердің жазбаша нысандарын қолдан жасау деректері бойынша тергелді. Қылмыстық топ 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында заңнамада қарастырылған алымдар мен төлемдерді төлеместен шетелден әкелінген 475 автокөлікті заңсыз тіркеді. Осыған байланысты мемлекетке 1,4 миллиард теңгеден аса ірі көлемде залал келтірілді, — делінген хабарламада.