Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін тойламайтын болды

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын айтты.

Руслан Желдібай президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатқанын айтты.

Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді, — делінген хабарламада.