Девальвация мінілген көліктер саудасына қалай әсер етті?

2015 жылы автомобиль нарығында бірнеше маңызды оқиға болды: Ресейден жаңа және қолданыста болған автомобильдердің жаппай әкелінуі; автосалондарда көлік сатылымының күрт бәсеңдеуі (бұған мемлекеттік бағдарламалар да, автонесиелеу де бөгет бола алмады).

“Көптеген сатушы үшін екі мәселе шешусіз қалды: сатылатын автомобильдің бағасы қандай болу керек және оны қазір қандай валютамен сатқан қолайлы? Көп адам көліктерін сатуға да, сатып алуға да асықпады”, – деді басылым мамандары.

Өткен жылдың басында сайтта автомобильдің сатылатыны туралы жарнама саны жарты миллионға жуық болса, жыл соңына қарай ол 350-360 мыңға дейін азайған. Автомобиль сатылымының шарықтау шыңы ақпанда болыпты.

Ал қыркүйек айында сайтта автомобиль сату туралы 339 810 жарнама ғана жарияланды. Қазан айында бұл көрсеткіш 352 951-ге жетті. Сарапшылар автомобиль сатылымының азаюы ұлттық валютаның құлдырауымен тікелей байланысты деп отыр.

Дереккөзqamshy.kz