Алматыда екпіні 13 м/с болатын желдің салдарынан 9 қабатты үйдің қамтамасы опырылды. Бұл туралы Алматы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
9 қабатты тұрғын үйдің 400 шаршы метр қамтамасы екпіні 13 м/с болатын желден құлады. Қабырғаның жалпы ауданы 600 шаршы метр, — делінген департамент таратқан хабарламада.
Оқиға 14 мамырда болған. Сағат 13:20 шамасында 1-шағынаудан, Алтынсарин 68/4 мекенжайындағы «Сарыарқа» тұрғын үй кешеніне жауапты инспектор жіберілген.
Департаменттің мәліметінше, бұл учаске 2 мамырда үйдің жұмсақ қаптамасының құлау қаупіне байланысты қоршалған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.